Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жасайтынын мәлімдеді.

Ақорда

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне арналған жиында айтты.

«Қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауымды жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Тоқаев алдағы уақытта Халық Кеңесінің құрамы бекітілетінін, Құрылтайдың келісімімен Конституциялық сот судьялары, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалатынын атап өтті.