Тоқаев Қазақстанда вице-президент лауазымын қайтаруды ұсынды

Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды. 

Фото: t.me/aqorda_resmi

Астана, NEGE. Вице-президентті парламенттің келісімімен, депутаттардың дауыс беруі арқылы Мемлекет басшысы тағайындайды. Ал өкілеттік аясын Президенттің өзі айқындайды. 

«Вице-президент Президенттің тапсырмасымен халықаралық форумдар мен шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін, парламентте Президенттің мүдделерін білдіретіні, отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайтыны, Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайтыны көзделеді», — деді Президент.

Президент жаңа қызметтің өкілеттігі Конституцияда нақты көрсетілуі тиіс екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?