Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Астана, NEGE. Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты жеке мемлекеттік орган ретінде құрылды.
Жаңа орган Президентке тікелей бағынады және есеп береді.
Жарлықтың өзге егжей-тегжейі әзірге жарияланған жоқ.