Тоқаев Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты.

gov.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының Мәсімовке кешірім беруден бас тартқаны туралы ақпаратты президент әкімшілігі растады. 

Еске сала кетейік, Мәсімов Отанына опасыздық жасағаны үшін 18 жылға сотталған болатын. 

Ал оның орынбасары Дәулет Ерғожин Қылмыстық кодекстің 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кейін апелляциялық саты К.Мәсімовке, А. Садықұловқа және Д. Ерғожинге қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін қауіпсіздігі ең жоғары мекемеден қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеу бойынша өзгертті.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен