Тоқаев Иран аумағынан БАӘ-ге жасалған шабуылды айыптады

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктері нысандарына зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуыл әрекеттерін айыптады.

Ақорда

Астана, NEGE. Мемлекет басшысының айтуынша, аталған шабуылдар салдарынан көптеген бейбіт тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келген.

Президент мұндай әрекеттер Таяу Шығыс өңіріндегі қарулы қақтығысты одан әрі ушықтыратынын айтып, оларды ешбір жағдайда ақтауға болмайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең тиімді жолы дипломатиялық тәсілдер екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?