Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Ел президенті Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Aqorda. Қасым-Жомарт Тоқаев және Иордания королі.

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иордан Хашимит Корольдігінің төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Иордания арасындағы сындарлы ынтымақтастықтың жыл өткен сайын нығайып келе жатқанына тоқталып, Королдің екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізген.

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейннің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Иордания халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев пен Шодиевтің 2,2 млрд теңге тұратын Алматыдағы үйге қатысы бар ма?

ІІМ алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды