Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерсайын Нағаспаев Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

gov.kz

Астана, NEGE. Ерсайын Нағаспаев бұл қызметке 2025 жылғы 28 ақпанда тағайындалған болатын. 2026 жылғы қыркүйекте осы қызметке қайта тағайындалды.

Ал 17 қарашада Нағаспаев Үкімет отырысында отандық өндірісті дамыту мәселелері бойынша баяндама жасады.

Ерсайын Нағаспаев министр болғанға дейін «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры болған. Сондай-ақ Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары, «Астана» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы, «Новострой Астана» ЖШС директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.