Тоқаев Ердоғанға шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады

Тоқаев Анкараға ресми сапары кезінде қонақжайлық танытқаны үшін Президент Режеп Тайип Ердоғанға шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Қазақстан Президентінің пікірінше, Түркия астанасында өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың бауырластық, өзара сенім және стратегиялық серіктестік рухында дамып, бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетеді.

Еліміз Түркиямен БҰҰ, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастықты жоғары бағалайды. Сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті институттандыру процесіне тұрақты қолдау білдіргені үшін алғыс айтады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?