Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

Ақорда

Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді, - деп жазды Берік Уәли.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Брисбенде (Австралия) өткен WTA 500 сериясы турнирінде жеңіске жетті.