Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Азамат Есқараев Президент Әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Ол жаңа қызметке ауысуына байланысты Қазақстанның Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Азамат Есқараев Қазақстанның Үндістандағы елшісі болып тағайындалғанға дейін 2023-2025 жылдары әділет министрі болған.

Оған дейін әр жылдары Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметі департаментінің бас менеджері, премьер-министр кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сондай-ақ меңгерушісі қызметтерін атқарған.