Тоқаев Әзербайжанға жасалған шабуылды қатаң айыптады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді.

Видеодан кадр/t.me/mediaaznews

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды. 

Бұл жөнінде оның кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті.

Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді.