Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

Фото: из открытых источников

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық және аса жауапты қызметіне табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әзербайжан президенттері екі ел халықтары арасындағы достық қатынастар мен дәстүрлі бауырластық байланыстарға көңілдері толатынын айтты.

Мемлекеттер басшылары Әзербайжан Президентінің Қазақстанға сапары кезінде және биыл қараша айында Бакуде өткен СПЕКА саммиті аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті