Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда

Астана, NEGE. Жеңіс Қасымбек Президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берді.

Атап айтқанда, биылғы төрт айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9,1 пайызға өсіп, 588 миллиард теңгеге жеткен. Олардың арасында өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, көлік, сауда, логистика салаларына қатысты жобалар бар.

Сондай-ақ елорданың қоғамдық көлік жүйесін жандандыру мақсатында жеңіл рельсті көлік – Astana LRT жобасының екінші кезеңі пысықталып жатқаны баяндалды.

Қала басшысының мәлімдеуінше, жаңа оқу жылында 12 мектеп, 2 оқушылар сарайын және 6 балабақшаны ел игілігіне беру жоспарланған. Жалпы соңғы жылдары Астанада 44 мектеп салынған.

Бұған қоса 2028 жылға дейін 2 перинатальды орталық, көпбейінді аурухана және диагностикалық кешеннің құрылысы аяқталмақ.

Биыл, әкімнің мәліметінше, 173 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру, 1,1 миллион түп жасыл желек егу көзделген.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалап, елорданы одан әрі дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек

Ақтөбеде қоқыс маңынан пакетке салынған нәресте табылды