Тоқаев алматылық мұғалімді құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енуіне орай құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

instagram/school95.almaty

Астана, NEGE. Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусова Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік педагогтердің бірі атанған.

«Бұл жоғары баға – сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, 41 жыл ұстаздық еткен Татьяна Геннадьевна – Қазақстан мектептерінде оқытылатын 7–11-сыныптарға арналған химия оқулықтарының авторларының бірі. Сондай-ақ ол – 1999 жылдан бері Ұлттық тестілеу орталығында тапсырма құрастырушы және сарапшы. Оның шәкірттері олимпиадаларда тұрақты түрде жеңіске жетіп келеді. 

Қазір оқып жатыр

Brent мұнайының баррелі 103,91 долларға дейін өсті

Қазақстандықтардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді

Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны жайында ақпарат тарады

Полицейлер «Қайрат» пен «Ақтөбе» жанкүйерлеріне ескерту жасады