Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыдағы соғыс ардагерлеріне арналған госпиталь ғимаратының қасбетіне орнатылған әкесі Кемел Тоқаевтың ескерткіш тақтасына гүл шоғын қойды.

Ақорда

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Ақорданың мәліметінше, 1941 жылғы шілдеден бері бұл госпитальде майданда жараланған 150 мыңға жуық жауынгер емделген. Олардың арасында Президенттің әкесі Кемел Тоқаев та болған. Ол мұнда 1945 жылдың ақпанынан шілдесіне дейін ем қабылдаған.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев госпитальдің құрылу тарихымен және қызметімен танысты.