Тоқаев 25-26 қарашада Мәскеуде Путинмен кездеседі

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге ұшады.

Ақорда

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Оның мәлімдеуінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жұмыс сапары аясында Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды. 

Сонымен қатар Қазақстан Президенті жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.