19 ноября 2024 г. 9:22

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентіне бір сандық алма сыйлады

Фото: Фото: Ақорда

Александр Вучич Белградқа ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты ықыласпен күтіп алғанын жазды, деп хабарлады Борт N1.

Алматы, NEGE. Сербия Президенті әлеуметтік желілердегі парақшаларында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін және Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын жариялады.

Фото: Ақорда

Сондай-ақ Сербияның достас елдерге құшағы әрдайым ашық әрі бүгінгі кеш соның тағы бір дәлелі екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Сербияға ресми сапармен келген болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич қарсы алды.