Тойханалар НЕГЕ жабылып жатыр?

Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында мобильді топтар құрылған. Олардың жалпы саны - 104.

Алматы, NEGE.  Жыл басынан бері мобильді топ құрамы мен полиция қызметкерлері 87730 нысанды аралап, 1745-нен карантин талаптарын бұзғаны анықталған.

Талапқа бағынбаған 7 тойхана мен 1 компьютерлік клубтың жұмысын уақытша тоқтату бойынша сот шешімі шықты. Бұл туралы брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов мәлімдеді.

«Карантин талаптарын сақтамағандардың қатарында жеке кәсіпкерлер саны - 46, заңды тұлғалар - 2, лауазымды тұлғалар - 26, жеке тұлғалар - 1671. Тыйым салынған 235 мерекелік іс-шара тіркелді. Сондай-ақ, 51 көкпар ұйымдастырылғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, көпшілік орында бетперде тақпау, қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс режимін сақтамауы сынды деректер тіркелуде. Мәселен, бір күннің ішінде Сайрам, Сарыағаш, Мақтарал, Отырар, Ордабасы, Қазығұрт аудандарында 7 отбасылық мереке ұйымдастырылған. Жалпы нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425 бабының 1-бөлігі бойынша 98 580 015 теңге айыппұл салынды. Сондықтан барша облыс тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға шақырамыз», - деді Асқар Бекболатұлы.

Облыстың бас мемлекеттік санитария дәрігері кәсіпкерлердің жұмысына жеңілдік жасап, тұрғындар үшін тамақтану орындарының жұмыс режимін 9:00-23:00-ге дейін ұзарту туралы қаулы шығарған болатын. Дегенмен, қаулыда көрсетілген уақыт режимін сақтамаған 75 қоғамдық тамақтану орындары анықталған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді