Тойханалар қатаң бақылауда

Шаhарда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Алайда тұрғындар той өткізуін тоқтатар емес.

Шымкент, NEGE. Кезекті тексеру барысында Grand Holiday Hall тойханасында отбасылық іс-шара өтіп жатқаны анықталды. Қала аумағында 40 мобильдік топ белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл іске Полиция Департаментінің қызметкерлері де жұмылдырылған.

Азаматтарымыз ауруханаларда өмір мен өлімнің арасында жатқанда той өткізіп, тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылады.

Қазір барлық тойханалар күндіз-түні мұқият бақылауда. Карантиндік талаптарды ескермегендерге айыппұл салынып, тойханалар сотпен жабылуда.

Қала тұрғындары карантин талаптарын сақтап, жауапкершілігі сезінуге, ең алдымен азаматтарымыздың денсаулығы маңызды екенін ұғынуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді