Тойдан тыйылмағандар айыппұл арқалайды

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев бастаған мобильді топ аудандағы бірқатар тойханалар мен қоғамдық тамақтанатын орындарды аралады.

Шымкент, NEGE. Тәртіп сақшылары және Атамекен Кәсіпкерлік Палатасы қызметкерлерімен бірлесе Теріскей, Шымкент-Холл, Шұғыла, Ақбастау, Мерей, Мәди, Grand bereke сынды тойханалар мен Maxi burger, Lavash center, Adana қоғамдық тамақтану орындары тексерілді.

Рейд нәтижесі бойынша карантин талаптарын бұзған 4 нысан анықталып, Әл-Фараби аудандық Санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.Одан бөлек ауданда құрылған 6 мобильді топ 87 нысанды аралап, 7 хаттама толтырды.

Жалпы жыл басынан Әл-Фараби ауданында 333 кәсіпкерлік нысанға хаттама түзілді. Оның 11-і жеке кәсіпкер, 2-і заңды тұлға, қалғаны жеке тұлғалар.

Барша қала тұрғындарын тәртіпке бағынып, карантин талаптарын қатаң ұстануға шақырамыз!

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады