Тоғжанов Астана атауын өзгеруге қатысты пікір білдірді

Үкімет кулуарында журналистер Тоғжановтан қандай жағдайда елордаға Астана атауы қайта берілуі мүмкін екенін сұрады. Алайда вице-премьер сұраққа нақты жауап бермеді.

Алматы, NEGE.“Астананың атауы өзгермейді, әзірге оған негіз көріп тұрғаным жоқ. Астана күнін атап өтеміз. Біз бір адамның туған күнін емес, астана күнін атаймыз”, - деді Тоғжанов.