Тоғыз өңірде 39 жаңа су қоймасы салынады
Қазақстанның тоғыз өңірінде 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев "Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларды шешу перспективалары" тақырыбындағы Сенаттағы үкіметтік сағатта мәлімдеді.