«Тоғыз келі салмақ тастадым»: Тоқаев қандай спортпен шұғылданатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында денсаулығына қатысты тараған қауесеттерді жоққа шығарды.

Ақорда

Астана, NEGE. Соңғы кезде Президенттің денсаулығына қатысты ел ішінде түрлі әңгіме тарады. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулығында кінарат жоқ екенін, тоғыз келі салмақ тастап, өзін жайлы сезініп жүргенін айтты.

«Денсаулығым жақсы, қан қысымым қа­лыпты. Күн сайын йогамен шұғыл­дануды әдетке айналдырдым, бірақ ме­ди­тация жасамаймын. Бұрынғы кәсіп­қой спортшымен аптасына екі рет үстел теннисін ойнаймын. 

Расымен, тоғыз келі салмақ тастап, өзімді әлдеқайда жайлы сезінетін бол­дым», – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында.

Бұған қоса ол Владимир Путин, Ильхам Әлиев, Шавкат Мирзиёев сынды ТМД елдеріндегі кейбір әріптестері де спортқа жақын екенін айта кетті.

«Таяуда Бішкекте өткен бейресми іс-шара кезінде Путин жас дзюдошыға қар­сы әдемі әдіс жасап, аға буынның абы­ройын көтеріп тастады. Әлиев те мық­ты, кәнігі спортшы сияқты үнемі жат­тығады, Жапаров футбол ойнайды. Мирзиёев те ширақ, ол жаттығу залында шынығады. Пашинян велосипед тебеді. Лукашенко әлі күнге дейін хоккей ой­най­ды екен. Кезінде теңіз-әскери күш­терінде болып, әбден шыныққан Рах­мон­ның да денсаулығы жақсы», – дейді ол.

Тоқаев әріптестерінің бәрі де ба­бын­да екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?