Тобылдық футболшы Франция чемпионатына ауысты

Қостанайдың «Тобылы» мен Грузия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Джаба Канкава Франция чемпионатына ауысты.

Алматы, NEGE. Ақпаратты агенттік тілшісіне ойыншының өзі растады. Джаба Францияның екінші лигасында өнер көрсететін «Валансьен» клубына ауысты.

Қазіргі уақытта команда біріншіліктің оныншы орынында. Канкава қостанайлық «Тобыл» сапына 2017 жылдың соңында қосылды.

Ол «Тобылдан» бөлек, Грузияның «Динамосында», ресейлік «Алания» және Украинаның «Арсенал», «Днепр», «Кривбасс» командалары сапында ойнаған.

Кейін Францияның «Ренн» клубында доп тепті. Джаба Канкава футболсүйер қауымға өзінің ерлігімен де белгілі.

2014 жылы Украина біріншілігінде қатты соққыдан есінен айырылып, тілін жұтып қойған киевтік «Динамо» капитаны Олег Гусевтің жанын аман алып қалған еді.

Бұл батылдығы үшін Джаба Украинаның Мемлекеттік Төтенше жағдайлар қызметінің құрмет грамотасына ие болған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?