Тобыл жеңіліп қалды

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі тоғызыншы турында Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Қарағандының «Шахтерінен» ойсырай жеңілді.

Алматы, NEGE. Қостанайлық клуб бүгін сырт алаңда «Шахтермен» кездесті. Ойын барысында қарағандылық команда сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Тимур Досмағамбетов 33, 62-минуттарда пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Алаң иелерінен тағы Николай Ковталюк 47, Роман Муртазаев 81-минуттарда мергендік танытты.

Оған «Тобыл» сапынан Айбар Жақсылықов 70-минутта жалғыз голмен жауап қайырды. Осылайша «Шахтер» қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктірді.

Қазір аталған турда Алматының «Қайраты» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» қабылдауда. Әзірге есеп 0:0. Ал «Ақтөбе» мен «Ақжайық» екінші кезеңінде 1:1 есебімен тең түсіп жатыр. Сондай-ақ, бүгін «Ақсу» мен «Каспий», «Мақтаарал» мен «Тараз» командалары кездеседі.