Төбелеске қатысқандардан суық қару тәркіленді

15 қаңтарда сағат 05:10 шамасында Атырау қаласы Темірханов көшесінің бойындағы мейрамханада жанжал шығып, 10 адам полиция бөліміне жеткізілді.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ төбелеске бір кәмелетке толмаған жеткіншек пен бір әйелдің қатысқаны анықталды. Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Олардан қару тәркіленіп, құжаттар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.