28 октября 2022 г. 15:51
ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы Сочиде өтеді
ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2023 жылы маусымда Сочи қаласында өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов кеңесі отырысының қорытындысы бойныша брифингте хабарлады.
Алматы, NEGE. Үкімет басшысы Кеңестің 2023 жылы Достастық органдары мен жекелеген іс-шараларды қаржыландыруға қатысты қаржылық-бюджеттік мәселелер де қаралғанын тілге тиек етті.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, Қазақстандық тарап бүгінгі іс-шараның қорытындыларына қанағаттанды.
"Ол мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың игілігі үшін ынтымақтастықты нығайту жолындағы кезекті қадам болатынына сенімдіміз", - деп қорытындылады ол.