ТМД елдері жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуымен күресуге келісті

ТМД елдері жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуымен күресуге келісті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі. 

pixabay.com

Алматы, NEGE. Мәжіліс биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа 2022 жылғы 20 мамырда Минскіде ТМД-ның бес елі: Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойған.

Келісімді ратификациялау тараптарға жануарлардың аса қауіпті ауруларының зертханалық диагностикасын жетілдіру және микроорганизмдердің (штаммдарының) ұлттық коллекцияларын толықтыру бойынша күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік береді. Зерттеу деректері негізінде дәрі-дәрмек жасау, мал ауруларының диагностикасы мен емдеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ олар мамандардың білімі мен біліктілігін арттыруға септігін тигізбек.

Сонымен қатар келісім аясында жануарлардың жұқпалы, аса қауіпті ауруларының таралуын болдырмауға және қатысушы мемлекеттердің аумақтарын эпизоотиядан қорғауға бағытталған профилактикалық әдіс жүзеге асырылатын болады.

Қазір оқып жатыр

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанда дизель отынына цифрлық бақылау және таңбалау жүйесі енгізілді

Иран Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады