Тікұшақ апатынан ауруханаға жеткізілген екі адамның жағдайы белгілі болды

Зардап шеккен екі адам ауыр хәлде жатыр.

112 kz

Ақтөбе, NEGE.  Ақтөбе облысында апатты жағдайда қонған тікұшақ ішіндегі екі адам аурухананың жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. 

«Науқастар есін біледі, сұрақтарға жауап беріп жатыр. Ұшақтың құлағаны туралы ақпарат 103 қызметіне сағат 11:36–да түсті. Оқиға орнына Мәртөк аудандық ауруханасынан жедел бригада жетті. Бір адам жедел жәрдем барғанша көз жұмған. Ал екеуін аэродромнан күтіп алып, күйік шалған науқастарды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Қазір реанимация және интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Түрлі диагностикадан өтеді», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады