Тина Канделакидің Қазақстанға кіруіне тыйым салынады

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің Қазақстанға кіруіне тыйым салынады, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Қажет болған жағдайда шаралар қабылданады. Тізім деп сіздер қайта-қайта сұрай бересіздер. Нақты бір, екі, үш деген тізім жоқ. Ол — жалпы әр мемлекеттің өзінің ішкі шарасы. Сізге біреу ұнамаса, үйіңізге кіргізбейсіз ғой. Тура сол сияқты біз де кіргізбейміз. Керек кезде шара қабылданады. Оны нақты «бүгін кіргіздіңіздер ме, ертең кіргізесіздер ме» деп талап етпеңіздер. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келе қоймас, бірақ келемін деп шешсе, кіргізбейді», – деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram арнасында «орыс тілінің қолданыс аясы тарылғаны» туралы жазба жариялаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты