Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) жаңа басшысы болып сайланды.

Тимур Турловтың Instagram-парақшасынан

Астана, NEGE. Дауыс беру 26 қыркүйекте Самарқандтағы FIDE Бас ассамблеясында өтті.

Жеңімпаз екінші турда анықталды. Бірінші турда Турлов 96 дауыс жинады. Оның қарсыласы Вадим Розенштейнге 76 делегат, Ян Хенрик Бюттнерге 20 делегат дауыс берген. Үміткерлердің ешқайсысы қажетті межеден аса алмады.

Екінші турға Тимур Турлов пен Вадим Розенштейн өтті. Нәтижесінде Турловты 110 делегат қолдады, Розенштейнге 85 дауыс берілді. Бір делегат қалыс қалды.

Осылайша, Тимур Турлов FIDE тарихындағы сегізінші президент атанды. Ол ұйымды 2018 жылдан бері басқарған Аркадий Дворковичтің орнына келді.

Турловтың командасымен бірге FIDE президентінің орынбасары болып бес дүркін әлем чемпионы Вишванатан Ананд сайланды.

Тимур Турлов 2023 жылдан бері Қазақстан шахмат федерациясын басқарады. Сондай-ақ ол Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры.