Тимофей Скатов Германиядағы теннис турнирінің финалына дейін жетті

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Германияның Бонн қаласында өткен «Челленджер» турнирінің финалында жеңіліп қалды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Жүлде үшін өткен матчта ол австриялық Юрий Родионовпен (ATP рейтингінде 185-орын) кездесті. Екі сағат 14 минутқа созылған тартысты кездесу Родионовтың пайдасына 3:6, 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.

Тимофей Скатов мансабындағы үшінші кәсіби атағын жеңіп ала алмады. Бұған дейін оның еншісінде екі «Челленджер» жүлдесі бар еді. Алғашқы рет ол 2022 жылы Италияның Парма қаласында жеңіске жеткен, кейін 2024 жылы Германияның Аугсбург қаласында топ жарған болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды