Тілсіз балаларды ұрып, жазадан құтылды

Атырауда арнайы мектеп-интернатта мүгедек-балаларды ұрып соққан тәрбиешілер жазаға тартылмайтын болды. Бұл туралы

ATPress.kz-ке сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Алматы. NEGE. 2019 жылы қаңтар-ақпан айларында мүгедек балаларды ұрып-соқты деген күдікке осы интернаттың бес қызметкері ілінген. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Соттық-медициналық сараптама «екі бала жеңіл жарақат алды» деген қорытынды жасаған. Қалған алты баланың жарақаты табылмаған. Осы уақыт ішінде жарақат жазылып кеткен. Мүгедек балалар тілінде кемістік болғандықтан, мән-жайды түсіндіріп айтып бере алмаған. Бұл тергеу барысына қиындық тудырған-мыс, бейнежазбалар жеткіліксіз болыпты. Бірақ күдікті тәрбиешілер жұмыстан шығарылған көрінеді.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді