Тікұшақтан тасталған джип кімдікі?

Ресейлік Игорь Мороз деген блогер өзінің қымбат тұратын Mercedes Gelandewagen көлігін тікұшақтан лақтырып жіберді. Не үшін бұлай істегені жөнінде Мороз бүгін РЕН ТВ арнасында айтты.

Алматы, NEGE. Кеше әлеуметтік желіде Карелияның аэропортында Ми-8 тікұшағынан лақтырылып жіберген джип мәшинесі жайлы қызу талқы болды. Оны істеген екі мәскеуліктің бірі Игорь Мороз деген блогер екен. Бұл оқиға жөнінде Ресей ішкі істер министрлігінің көліктік бақылау басқармасы іс қозғап, оқиғаға қатысушыларды анықтаған. Белгілі болғанындай, аспаннан джип құламас бұрын екі жас жігіт әуежай қызметкерлеріне 250 мың рубль ақша төлеген.

«Бұл мәшине маған үнемі қиыншылықтар тудыра берді. Әсіресе, жөндеуге кететін ақысында қисап жоқ. Қысты күні жылы жерде тұрып оталмай қалатын ауруы бар. Әбден сансыратқан көліктен тып-тыныш құтылғым келмеген соң, осылай жасадым», – дейді блогер.

Көлігін көктен тастау үшін блогер екі ай дайындалыпты. Өз әрекетін бұл жігіт «аудиториясын таң қалдыру» мақсатында жасағанын да жасырмай отыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты