Тікұшақ апатқа ұшырады

Дүйсенбі күні Испанияның Андалусия автономдық қауымдастығында тікұшақ апатқа ұшырады, – деп хабарлайды EFE агенттігі.

Алматы, NEGE. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. Тікұшақ Педрера муниципалитеті аумағында жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де құлаған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, медициналық қызметкерлер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп жетті. Келеңсіз жағдайдың себептері әзірге белгісіз.