АҚШ сенаты TikTok-қа тыйым салуы мүмкін

22 шілдеде АҚШ сенаты мемлекеттік қызметкердің бәріне TikTok қосымшасын қолдануға тыйым салу мәселесін талқылайды.

Алматы, NEGE. Билік әлеуметтік желі елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп санайды. Олар қытайлық ByteDance концернінің иелігіндегі ТикТок желісі қолданушылар туралы деректерді жинап, оны Қытай билігімен бөлісуі мүмкін деп болжайды.

«Бұл қауіпсіздік үшін қатерлі... Біз Пекиннің барлық федералды қызметкердің географиялық орналасуын білгенін шынымен қалаймыз ба?» - деді республикашыл сенатор Джош Хоули.

ТикТок өкілі Джейми Фавацца америкалық пайдаланушылардың деректері Вирджиния штаты мен Сингапурда қызметкерлердің қатаң бақылауында сақталатынын айтты.

«АҚШ-тағы TikTok ең мықты қауіпсіздік жүйесін құру үшін көп жұмыс істеп жатыр», - деді Фавацца.

Бұған дейін мемлекеттік хатшы Майк Помпео АҚШ билігі қытайлық қосымшаларды қолдануға тыйым салу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеген болатын. 

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған