«TikTok» желісінде құмар ойындар заңсыз таратылып жатыр

Негізінен бұл карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка. Барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Оның төрттен бірі ұйымдастырушыда қалады, қалғанын жеңімпаз алады, деп хабарлады ҚМА.

 

Алматы, NEGE. Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады.

Желілік талдау нәтижесінде Қаржылық мониторинг агенттігі онлайн ойынды тарататын 100-ден астам аккаунтты анықтаған.

ҚМА ұйымдастырушылар мен қатысушыларға олардың әрекеттері заңсыз екенін қатаң ескертті. ҚР ҚҚ 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазірдің өзінде сотталғандар бар.

Мәселен, «TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының 2 тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқан. Тергеу қорытындысы бойынша олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта сот «TikTok» желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қаралуда.