TikTok үшін қарияны бастан тепкен мектеп оқушысы ұсталды

Әлеуметтік желіде жас жігіттің қарияны басынан теуіп, кейін қашып кеткен сәті түсірілген видео тарады.

Алматы. NEGE. Оқиға 24 қаңтар сағат 19:00 шамасында Өзбекстандағы Самарқанд қаласының Кушчинор махалласында болған.

15 жастағы жасөспірімнің 54 жастағы адамның басынан тепкен сәтін видеоға бұзақының досы түсірген.

Қазіргі уақытта 15 жастағы баланың ата-анасына қатысты тиісті құжаттар рәсімделіп жатыр. Сонымен қатар, оқиға бала оқитын мектеп өкілдерінің қатысуымен талқыланды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін олар видеоны TikTok үшін түсірді деген болжам айтылған.

Аймақтық ІІД баспасөз қызметі баланың спортпен шұғылданатынын және тиктокер емес екенін мәлімдеді. Оның әлеуметтік желіде аккаунты жоқ.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр