TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды
Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны Нұрахмет Бердібай TikTok-тағы пікірінен кейін қамауға алынды.
Астана, NEGE. TikTok-та Аза тұту күні Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскерилер туралы теріс пікір білдірген тұрғынды полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтады.
Эфир барысында 21 жастағы Нұрахмет Бердібай көрерменнің Аза тұту күніне қатысты сұрағына жауап бере отырып, қоғамды құрметтемеу сипатындағы сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Онымен бірге тікелей эфирге қатысқан 22 жастағы Абзал Мұсұрманқұл және Бақдәулет Мұстафаға да ескерту берілді. Үшеуі де бір ай мерзімге ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылды.