2 февраля 2026 г. 12:28
TikTok-та «емшімін» деп ақша алып, құмар ойынға шашқан алаяқ сотталды
Астана қаласының тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде өзін «емші» ретінде таныстырып, экстрасенсорлық қабілеттері арқылы адамдарды емдей алатынын айтып алдаған, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Алматы, NEGE. Осылайша, кінәлі 3 жәбірленушіден жалпы сомасы 5,5 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, оны букмекерлік кеңселерде ставкаларға жұмсаған.
Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды ішінара өтеді.
Сот үкімімен кінәлі адам 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.