TikTok Қазақстанда платформаны бұғаттау туралы Аида Балаеваның пікіріне жауап берді

TikTok ресми өкілі Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Қазақстан аумағында платформаның жабылуы мүмкін деген пікіріне түсініктеме берді.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. «Біз ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің елдегі TikTok-ты бұғаттау мүмкіндігін қарастырып жатқанына таң қалдық, өйткені министрлік Қазақстандағы Наурыз онлайн фестивалі, қысқа бейнефильмдер байқауы сияқты көптеген бастамаларымызды белсенді қолдап келген еді», — деп атап өтті платформаның ресми өкілі.