Тік Ток қосымшасында қазақ тілі пайда болды
TikTok қосымшасы қазақ тіліне аударылды.
Алматы, NEGE. Қазақ тілін таңдау опциясы Android және iOS құрылғыларына арналған қосымшаның кейінгі жаңартылуында пайда болған.
Тік Ток қосымшасындағы интерфейс тілін кез келген уақытта ауыстыруға болады. Ол үшін қосымшаның төменгі оң жақ бөлігіндегі «Профильді» басыңыз. Сол кезде сіздің жеке мәліметтеріңіз сақталатын парақша ашылады. Баптауға өту үшін дәл осы парақшаның оң жақ жоғары тұсындағы үш сызықпен бейнеленген белгіні басуыңыз қажет. Содан кейін «параметрлер мен құпиялылық» бөліміне өтіп, одан «тіл» деген сілтемеге кіресіз. Дәл осы жерден қазақ тілін таңдауыңызға болады.