Cуға шомылғандарға айыппұл салынды
Қазіргідей қатаң шектеу шаралары енгізілген кезде өзен-көлдерде шомылуға болмайды. Айталық, елордада халық ең көп баратын 3 жағажай жұмысын уақытша тоқтатты.
Алматы, NEGE. Бірақ мұндағы жұрт сол тыйымға қарамастан рұқсат етілмеген жерлерде суға түсіп жүр. Сондықтан Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ел арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ал полицейлер тәртіпке бағынбағандарды әкімшілік жауапкершілікке тарта бастады.
Сарыарқа ауданы ТЖБ бастығының орынбасары Диаз Маметеков: "Бүгінгі таңда жауапқа тартылғандар: 80 адамға айыппұл салынды. Ол рұқсат етілмеген жерлерде шомылғандар және карантинді бұзғандар. Тыңдамағандар көп. Олар арақ ішкендер. Сондай адамдар болады", - деді.