Тыйым салынғанына қарамастан 370 той өткізілген

Қызылорда облысында карантин шектеуіне қарамастан 370 той өткізілгені анықталды.

Алматы, NEGE. Бұл бағытта мониторинг топтары нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Топ құрамында жергілікті атқарушы орган, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, еріктілер бар. Нәтижесінде 5 шілдеден бастап 679 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде мейрамхана мен дәмханада той жасауға қатысты 370 дерек тіркелген. Карантин талаптары компьютер клубы, букмекер кеңсесі, шаштараз, дүкен және базарларда сақталмаған. Шиелі ауданының тұрғыны 18 қазанда құдалық рәсімін өткізген. Ал Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентіндегі «Бақдаулет» кдәмханасында жергілікті тұрғын той жасаған.

«Аталған деректер бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 425-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді. Онда санитария-эпидемиология саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттер бұзылғаны көрсетілген. Хаттамалар Шиелі және Қазалы аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Еске сала кетсек, Қызылорда облысында той өткізгендерге айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді

Мотокросстан Қазақстан Республикасы Чемпионаты өтеді

Сарбаз Қазыбек Оспановтың қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды