Тихановская Франция президентімен кездесті
Беларусь президенттігіне экс-үміткер Светлана Тихановская Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесті.
Алматы, NEGE. «Тихановская (Макронға- ескерту) биыл Беларусь халқы жаңа сайлауды өткізгісі келетінін айтты. Сайлау халықаралық келіссөздердің тақырыбы болуы керек, ал ЕҚЫҰ - мұндай келіссөздердің ең жақсы платформасы. Светлана Тихановская барлық тараппен, оның ішінде Ресеймен келіссөздерді ұйымдастыру және Беларусьті дағдарыстан шығару мәселесі жөнінде сөйлесуге дайын екенін атап өтті», – делінген Telegram-дағы «Пул Первой» каналында.
РИА Новости агентігінің мәліметінше, Мәскеу мемлекеттік университеті Халықаралық қатынастар және дипломатия кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Юрий Разживин Франция президенті Тихановскаямен кездесу кезінде дипломатиялық хаттаманы өрескел бұзғанын айтқан. Оның пікірінше, бұл кездесу Беларусьтегі жағдайға әсер етпейді.