29 августа 2024 г. 9:53

«Thefiniko» қаржы пирамидасының бөлімшесін басқарған әйелге халықаралық іздеу жарияланды

Фото: ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген Дана Анварқызы Батыршинаға халықаралық іздеу жариялады.

Алматы, NEGE. Батыршина Дана Анварқызы, 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған, Өзбекстан, Ташкент қаласының тумасы.

Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін «Thefiniko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген.

Ол азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған.

«Thefiniko» компаниясы сауда және инвестиция платформасы емес және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.

Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: +7-701-218-05-23 - іздеу бойынша,+7-727-279-29-56 - кезекші бөлім. Сыйақы мен анонимдікке кепіл береміз», – делінген ҚМА таратқан хабарламада.