Tesla неміс орманын отап жатыр

«Германия соты Tesla Inc компаниясына зауыт салу үшін 92 гектар орманды жоюға рұқсат берді», – деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Алматы, NEGE. Еуропадағы алғашқы Tesla зауыты Берлинге жақын маңда тұрғызылмақ. Жергілікті экобелсенділер бұл шешімге қарсы шығып, сотқа жүгінді. Олар тез арада ағаш кесуді доғарып, орманды сақтап қалуды талап етуде. белсенділердің пікірінше, ағаштарды жою жергілікті табиғатқа қауіп төндіреді және су қоймаларының ластануына алып кеп соғады.

Берлин соты бастапқы кезде ағаш кесуді үш күнге тоқтатқан, алайда кейін құрылысқа тыйым салудың заңды негізі жоқ екенін мәлімдеп, орманды отау әрекетіне ашық жол беріп отыр.

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?