Tesla көліктерінің бағасы қымбаттады

Tesla АҚШ пен Қытай нарығындағы көлік бағасын көтерді.

Алматы, NEGE. Электр-кар құны 6 мың долларға дейін өсті. Компания мұндай қадамға неге барғанын әлі түсіндірмеді. Бірақ сарапшылардың пікірінше, бұған инфляция ықпал еткен. Себебі электрмобильдерге аса қажетті алюминий мен литий сияқты бөлшектер қымбаттап, дефицитке айналған. Соңғы рет Tesla көлік бағасын  наурызда көтерген еді. Ол кезде литий тапшылығы түрткі болған. Салдарынан Солтүстік Америка нарығында Tesla көлігі 5 мың долларға дейін қымбаттады. 

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі