Терроризмді насихаттаған 4 адам ұсталды
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті радикалды ағымдардың жақтаушыларын ұстады.
Алматы, NEGE. «Үстіміздегі жылғы 13 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының 4 тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды», - делінген комитет мәліметінде.
«Аталған адамдар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып саналады. Өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етілмейді», - деп аталып өткен хабарламада.