Терроризмді насихаттап, қаржыландырған діни радикалдар ұсталды

ҰҚК 2024 жылғы 20 және 24 қаңтарда прокуратура және полиция органдарының жәрдем көрсетуімен Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында діни радикалдарды ұстау бойынша операциялар өткізді.

ҰҚК

Алматы, NEGE. Жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі және 258-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта осы істердің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған